Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың Миссисипи штаты қатты дауылдан зардап шекті

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2014
  • 1542

Қатты дауыл АҚШ-тың Миссисипи штатындағы бірнеше үйдің астан-кестенін шығарды.

Жергілікті төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің хабарлауынша, 7 адам ауыр жарақат алған. Қазір олар ауруханаға жеткізілді. Жергілікті билік мекемелері әлі дауылдан келген залал мөлшерін анықтаған жоқ, дегенмен бұл штаттың қаржылай шығынға белшеден батқаны анық. Өйткені, кейбір ғимараттар іргетасына дейін қирап қалған.

Ауа райы болжамының мәліметінше, нөсер жауынға ұласқан дауыл елдің оңтүстік-шығыс аймағынан келген. Табиғат апаты Луизиана штатынан бастап Джорджияға дейін жалғасып жатыр.

Ал Алабама штатында су тасқыны болды. Құтқарушылар із-түссіз жоғалған 8 жасар қызды әлі таппай жатыр. Арнасынан шыққан су көлемі мұнда бір жарым метрден асып кетті. Апатқа тап болған тағы бір штат - Бирмингем. Суға батқан үйлерінен шыға алмай жатқан тұрғындарға құтқарушылар резеңке қайықпен жетуге мәжбүр. Кейбір аудандарда көліктер суға батып кетіпті. Тұрғындарды құтқару жалғасып жатыр, АҚШ билігі мектептер мен балабақшалардағы оқу процесін уақытша тоқтатты.

Сымбат МОЛДАТАЙ