Русский Сайттың толық нұсқасы

Полиция қызметкерлері Астанада екі баланы судан құтқарып қалды

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2014
  • 1153

Астанада екі бала Есілге батып кете жаздады. Жаттығудан қайтар жолды қысқартып, өзен үстімен төтелеп келе жатқан сәтте кенет мұз ойылып кеткен. Оларды сол маңда өтіп бара жатқан полиция қызметкерлері құтқарып қалды. Балалар зардап шекпеген, бірақ қатты қорқып кетіпті.

Алдаберген Бектанов:


Түскен жоқпын. Қолым бос тұрған сумканы ұстап жатқан кезде. Құдайберген итеріп қалды. Сосын сумкам түсіп кетті. -А, сумкаң түсіп кетіп, сен оны алуға түстің бе?

Балақайлар басында осылай ақталды. Алайда екеуінің мұз үстінде ойнап жүргенін жүргіншілер көріпті. Мұз астына әуелі 11 жасар Алдаберген түсіп кеткен. Қатты қорыққан інісі тіпті үнін шығара алмай қалыпты. Ал жұмыста бейқам отырған әке балаларының оқыс жайтқа тап болғанын естігенде шалқамнан түсе жаздадым, дейді.


Толқын Бектанов, балалардың әкесі:


Мен қорықтым шынында, қалай болады, суға қалай түсіп кетті?! Дереу жұмысымды тастадым да, келдім. Міне, мына екі жігітке рахмет. Көмектесіп, мыналарды шығарып алған судан. Рақмет.

Балаларды судан алып шыққан мына екі жігіт. Суға батып бара жатқан баланы көріп, ұмтылдық дейді.

Досхан Мұса-Намаз, ҚР ІІМ үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің полицейі:

Екі әйел кісі айқайлап жатыр «помогите» деп. Сосын мен қараймын, ана жерден жүгіріп келсем, бір жігіт батып жатыр. Жанындағысы айқайлап тұр, шыңғырып. Шыға алмай жатыр, батып. Сөйтіп жүгіріп келіп біреуін шығарғанда, өзім түсіп кеттім. Мына жерімнен батып жатырмын, сосын бұл келеді де мені тартады, мен оны тарттым, сөйтіп қол жалғап төртеуіміз шықтық.

Әлия ӘШІМ