Ақ бұлақ бағдарламасының шикілігіне байланысты Атырау облысында 29 жоба тоқтап тұр. Оның 8-ін облыстық әкімдік шешеміз деп отыр. 21-не үкіметтің қолдауы керек. Жалпы атыраулықтар бекерге ағып жатқан жер асты суларын пайдаланбақ. Бұрынғыдай артезиан бұлақтарын ашпақшы. Мәселен, Жылой ауданында.
Бақтықожа Ізмұхамбетов, Атырау
облысының әкімі:
Осы екі жоба бойынша игерілген
кезде, біз тек қана өндіріске ғана емес, Құлсары қаласына керекті көптеген
мөлшерде суды пайдалану жөнінде қарастырып отырмыз осы екі жоба арқылы.
Ауыз су, геологиялық барлау,
Қашаған және ауылдардағы клубтарды іске қосу. Атырау облысының әкімі Бақтықожа
Ізмұхамбетовтың эксклюзивті сұхбатын сенбі күні "20.30. Біздің
уақыт" бағдарламасынан көріңіздер.
Базаргүл ІЗІМОВА