Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде түскен қар қалыңдығы су қоймаларынан келетін қауіпті күшейтті

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2014
  • 1008

Ақтөбеде су тасқынына дайындық пысықталуда. Облыс басшысы Қарғалы, Ақтөбе Сазды су қоймаларының жай-күйімен танысты. Биылғы қардың қалыңдығы аталмыш тоғандардан қауіпті күшейтті. Осыған орай қыруар қаражат бөлініп, қатердің алдын алуға барлық жағдай жасалуда.

Болжам бойынша, келер судың көлемі суқоймалардың сыйымдылығынан біржарым есе асады. Дегенмен мамандар күн райы күрт жылынып, қар лезде ерімесе, топан судан аман қалуға болады, дейді. Қарғалы тоғанына 280 млн текше метр су сияды. Әзірге 80 млн текше метр бар. Шамамен 360 млн текше метр көлемінде су келуі мүмкін, деп болжануда. Ақтөбе су қоймаларындағы су жобалық көлемнің 49%-зын құраса, Сазды ауданында жиналған су көлемі 17% құраған.

Архимед Мұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі:

Қала аумағынан, елді мекендерден қар шығарып жатырмыз. Бүгінгі күні 370 мың текше метр қар шығарылды. Жұмыстар жалғастырылып жатыр. 6 500 тонна инерттік материалдарды дайындадық, ең қауіпті деген жерлердің аумағында. Жалпы
жұмыстар жүргізіліп жатыр.