Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордадағы жол үстіндегі қоғамдық қабылдау бекетінің жұмысы

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2014
  • 1005

Жұмыссыздық, қолжетімді баспана, жәрдемақы тағайындау, тіпті партия билетінің беделі. Қызылорда облысы тұрғындарының осы тектес сауалдарына республикалық «Жолда қабылдау» акциясы барысында жауап алынды.

«Нұр Отан» партиясы мен Ішкі істер министрлігі орталық аппараттарының өкілдері Жалағаш және Қармақшы аудандарында тұрғындармен кездесті. Оларға құқықтық кеңес берді. Мысалы, Жалағаш ауданының тұрғыны Тыным Қаржаубаеваны неше жылдан бері жиырма жасар қызынын науқасы мазалап келеді. Бойжеткен талма ауруына шалдыққан. Жергілікті дәрігерлер оның құпиясын таба алмапты. Ал орталық емханаларға апаруға жұмыссыз ананың қаражаты жоқ.

Тыным Қаржаубаева, Жалағаш ауданының тұрғыны:

Жағдайым да нашар, алты баланың анасымын, үлкен қызым менің. Мен жұмыс істемеймін, куйеуім де жұмыссыз, өзі науқас.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» республикалық қоғамдық қабылдау меңгерушісінің орынбасары:

Біз қазір уақытша болса да, жұмыс іздеп ол кісіге көмектесеміз. Баласын емдеу туралы өтінішін Астанаға алып, Деңсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмыс атқарамыз. Мүмкіншілік болса, квота арқылы Қызылорда облысында ма немесе Астанаға шақырып жұмыс жасаймыз. Ол үшін орталық аппарат партияның міндет алып отырмыз. Осындай мәселелер өте көп. Біз соны шешуге жұмыс атқарамыз.

Жалпы «Жолдағы қабылдаудың» көмегіне екі ауданнан 50-ге жуық адам жүгінді. Кейбір мәселелер бірден сол жерлерде шешімін тапты. Қалған арыздардын барлығы "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратында қаралады деп уәде етті.

Шарипа САҚТАПОВА