Аптаға созылған "махаббат дастаны" ғашық жігітті қарызға батырды.
Өз сезімін телефон арқылы жеткізген Орал тұрғыны "Қазақтелекомға" 860
мың теңге берешек болып қалған.
Облыстық соттың бізге берген дерегіне
сенсек, әскерден келген жас жігіт телефон арқылы интим тақырыпта сырласатын
қызметтің көмегіне жүгініпті. Сезімі сергелдеңге түскен жігіт нәпсісін тежей алмай,
желінің ар жағындағы виртуалды «ғашығымен» бір апта бойы сөйлескен. Басында су
тегін деп ескертілген бұл қызмет түрінің әр минуты 330 теңге екендігін кейін
білген.
Ал қызмет көрсететін бикештер Көкшетаудан көрінеді. "Енді телефон ақысы
үшін 860 мың теңге төлеуі тиіс ғашық жігіттің кінәсі дәлелденді", - дейді баспасөз
хатшысы Гүлмира Кенжеғалиева.
Гүлмира Кенжеғалиева, БҚО сотының баспасөз хатшысы:
Сот отырысы кезінде телефонмен үй иесінің әскерден келген ұлы
сөйлескені анықталды. Бұл азаматты қызмет көрсетушілер телефонмен сөйлесу тегін
деп сендіріпті. Бірақ Тасқала аудандық сотының шешімімен "Қазақтелеком" абонентінен 860 мың теңге өндіріліп алынды.
Еркін ҚАРИН