Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда туберкулездің ашық түрімен ауырған мектеп психологы жұмыс істеген

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2014
  • 1442

Атырауда туберкулездің ашық түрімен ауырған мектеп психологы жұмыстан шеттетілмей, жұмыс істей берген. Дерек кезекті дәрігерлік тексеріс кезінде анықталды.

Әлия Нұржанова, Атырау қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бөлім басшысы:

Атырау қаласы мектептерінің бірінде туберкулез ауруы тіркелді. Мұғалім. Жыл сайын медициналық тексерістен өтіп тұрған. 2013 жылы тексеруден өткенде қалыпты болған. 2014 жылы тексерістен өткенде анықталды. Мектепке ешқандай карантин жарияланбайды. Ошақта жалпы қорытынды дизенфекция жасалады. Мектепте де қорытынды дизенфекция міндетті түрде жасалады.

Осы дерек бойынша енді облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп талдау жүргізілмек. Науқас мектеп психологы қызметімен қоса жоғары сыныптарға өзін-өзі тану пәнінен сабақ берген. Өткен жылы сәуір айында медициналық тексерістен өткен. Ал араға жыл салып тексерілген кезде құрт ауруының ашық түрі анықталған. Қазір науқаспен қарым-қатынаста болған 114 қызметкер мен 154 оқушы қатаң тексерістен өтіп жатыр.

Ару Қосымбаева, мектеп директоры:

Науқастық белгісі бұл кісіде ешқашан байқалмаған. Әрі уақытылы өтіп отырған, барлық мұғалімдер секілді. Бүгінгі күні 10 сыныптың оқушысы туберкулезге шалдыққан деген хабар келіп түсті. Ата-анасымен байланыс жасап сөйлескенімізде толық жан-жақтан тексерістен өтіледі медициналық, содан кейін толық қорытындысы беріледі деп күтіп отырмыз.

Айта кетейік, облыстық тұтынушылар қоғамын қорғау департаментінің мәліметінше, күні бүгін аймақта құрт ауруымен 509 адам тіркеуде тұр.

Базаргүл ІЗІМОВА