Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда алғаш рет телефон террористі бас бостандығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2014
  • 1515

Ақтауда алғаш рет телефон терористі бас бостандығынан айырылды. 38 жастағы Ресей азаматы 2 жылға жалпы тәртіптегі колонияға қамалады. Ол бірнеше ірі сауда-ойын-сауық орталығында жарылғыш зат бар деп хабарлағаны үшін айыпталып отыр. Мұндай қадамға сотталушыны жауапсыз махаббат итермелеген көрінеді.

Әлия Шермағамбетова, Маңғыстау облыстық ІІД бөлім бастығы:

Жауап алу барысында айыпталушы азамат мас күйінде қателесіп, Ақтау сауда орталығын атап өткен. Ал екінші рет қайта телефон шалып, Ресей Жинақ банкінде орналасқанын хабарлайды. Ал оған себеп - осы аталмыш банктегі қызмет жасайтын таныс қызы онымен сөйлесуден бас тартқан екен.


Бұл төтенше жағдай өткен жылдың желтоқсанда болды. Қоңырау түскен мезетте жүздеген адам қауіпсіз жерге шығарылып, бірнеше сағат қақаған қыста далада тұрған болатын. Телефон террористі сол күні-ақ полицейлердің қолына түсті. Артынша терорризм актісі туралы жалған хабарлама жасау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кету керек, өткен жылы Ақтауда дәл осындай екі дерек тіркелген. 


Мансұр ЕСҚОЖИН