Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық полицейлер қаржы пирамидасын әшкереледі

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2014
  • 933

Оралдық полицейлер қаржы пирамидасын әшкереледі. Ауадан ақша жасаған алаяқ 40-қа жуық ірі кәсіпорын мен кәсіпкерлерді тақырға отырғызған. Алданғандардың ішінде мемлекеттік оқу орындары да бар.

Полиция ұсынған деректерге сүйенсек, Орал қаласының тұрғыны Алина Хакало өзін кәсіпкерлерге USAID-тың Қазақстандағы операторы ретінде таныстырып, жалған жобаға ат салысуды шақырыпты.

Салымының бірнеше еселеніп қайтатынынан үмітті азаматтар миллиондап ақша құйыпты. Құрғақ уәдеге тойғызған күдікті келіншек ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал полиция осындай жолмен алданған азаматтардың тағы да бар-жоғын сұрастыруға кіріскен.


Мағауия Құрмашев, БҚО ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары:


Ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдік тағылған Хакало Орал қалалық сотының шешімімен қамауға алынды. Қазірдің өзінде бар-жоғы 9 жәбірленушіден түскен арызда келген шығын көлемі 1 миллиард 1 миллион теңгеге жеткен. Осыған сүйенсек, Хакалоға алданған азаматтар алдағы уақытта еліміздің өзге де өңірлерінен шығуы мүмкін.


Еркін ҚАРИН