Русский Сайттың толық нұсқасы

Малайзия билігі жоғалған ұшақ іздестіруге Қазақстаннан көмек сұрамақ

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2014
  • 1342

Малайзия билігі жоғалған ұшақты іздестіру шарасына Қазақстанның да қосылғанын қалайды.

Елдің көлік министрі Хисамуддин Хусейн жоғалған ұшаққа қатысты радар мәліметтері мен спутниктік түсірілімдерді қазақстандық мамандардан да сұрастырылатынын айтты. Қазір 239 адаммен бірге жоғалып кеткен әуе кемісін іздеуге 25 мемлекет атсалысуда.

Айта өтейік, «Боинг-777» ұшағымен байланыс 8 наурыз күні үзіліп қалған-ды. Малазия тергеушілері бұған дейін ұшақ ұрланды деп болжам жасаған болатын. Таяуда ел премьер-министрі Наджиб Разак Malaysia Airlines ұшағы Қазақстан жаққа кетуі мүмкін деген болжам айтты.

Илхам ИБРАГИМ