Жұмбақ жағдайда іс-түссіз жоғалып
кеткен Малайзиялық ұшақты сақтандыруға қазақстандық компания да қатысқан.
Сақтандыру компаниясы таратқан ресми
мәліметте «Жоғалып кеткен ұшақ пен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы
жауапкершілігі «Еуразия» акционерлік қоғамымен сақтандырылған. Компания оқиғаны
сақтандыру жағдайы деп тану үшін, тиісті құжаттарды күтіп отыр» делінген.
Ал, күні бұрын Малайзия билігі іздеу
операциясына қатысы бар елдер саны он төрттен жиырма беске артқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, іздестіру аумағы ұлғаятынын, оған Қазақстан да кіретінін айтты. Малайзия тарабы спутниктік суреттерді сұратуда.
Еске салайық, Куала-Лумпурден Бейжіңге
бағыт алған «Боинг-777» ұшағы сегізінші наурызда жоғалып кетті. Бортта 227
жолаушы мен 12 экпипаж мүшесі бар.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА