Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада орталық жылу беру жүйесі 15 сәуірде жұмысын толық тоқтатады

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2014
  • 978

Астана қаласы бойынша орталық жылу беру жүйесі 15 сәуірде жұмысын толық тоқтатады. Бұл жөнінде бүгін қала басшысының өткізген мәжілісінде айтылды. Әкімдіктің таратқан хабарламасына сәйкес, 2013-2014 жылдардағы жылу беру барысы ешбір іркіліссіз өткен.

Елордада жылыту маусымы алдыңғы жылдармен салыстырғанда биыл әлдеқайда ерте басталғанын айта кету керек. Жылу беру маусымында шаһар шамамен 2 млн тонна көмір, 20 327 тонна мазут пайдаланыпты.

Жоспарлы жөндеу жұмыстарымен қатар бірнеше жаңа нысандар орталық жылу беру жүйесіне қосылған. Сондай-ақ, проблемалар да жоқ емес. Олардың басым бөлігі жылу беру кезіндегі үй ішілік жылыту жүйелерінің жарамсыз күйге келуі. Қала басшысы аталған кемшілікті жоюға коммуналдық қызметшілермен қатар тұрғындардың өздерін жұмылдыру керектігін айтты.

Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:

Егер де магистраль жүйелері арқылы тұрғын үйге дейін ыстық су мен жылу қылыпты жағдайда жеткізіліп, үйдің өз ішіндегі инженерлік жүйелері қалыпты жұмыс істемесе, бұл мәселені қолға алу керек. Бұл жөнінде арнайы комиссия жасалып, проблемалы үйлердің тізімі құрастырылды. Келесі жылу беру маусымына дайындық барысында атқарылатын басты жұмыстар осы, коммуналдық қызметшілер, тұрғындардың өздерін де жұмылдыру қажет. Біз қаржыландыру көздерін де табуымыз керек. Біздің алдымызда үлкен кешенді жұмыстар тұр.