Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 3500-ден астам заңды тұлға энергия үнемдеуге бағытталған бесжылдық жоспар әзірлейді

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2014
  • 2073

Қазақстанда 3500-ден астам заңды тұлға энергия үнемдеуге бағытталған бесжылдық жоспар әзірлейді. Бұл туралы бүгін еліміздің Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді.

Оның пайымдауынша, бүгінде еліміздің ірі электр тұтынушыларының мемлекеттік энергетикалық тізімі құрылған. Өткен жылдың қорытындысында бұл тізімге 11 мың заңды тұлға енген. Бүгінде еліміздегі өнеркәсіп энергия ресурстарының 50-70%-зын тұтынады.

"Осы ретте, үнемдеу әлеуеті 40%-ға жетеді. Көлік секторы энергия ресурстарының 20%-ға жуығын пайдаланады, әрі үнем үлесі шамамен 34-40%-ға тең. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен бюджеттік ұйымдарға 30%-ға дейін электр энергиясы кетеді. Бұл салада да кемінде 30% энергияны үнемдеуге болады", - деп қорытындылады вице-министр.


Альберт Рау, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі:


Толықтай алғанда, заңға сәйкес 2015 жылдың шілдесіне дейін 3500-ден астам заңды тұлға 5 жылдық кезеңге арналған энергоаудит жүргізу жоспарын әзірлеуі тиіс. Сонымен қатар, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша бесжылдық жоспарын жүзеге асыруы қажет.


Жұрағат БАМАН