Оңтүстік
Қазақстан облысы мәслихатының депутаты қаржы полициясын тексерісті жіті жүргізбегені үшін айыптады.
Өмірзақ Мелдехановтың айтуынша, Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес
департаменті 70 млрд теңгеге жуық мемлекет қаржысы қандай мақсатқа жұмсалғанын
ашып тексермей отыр.
Ол аталған департамент басшысы генерал Серікбай
Ерімбетовке осы мәселеге қатысты сауал жолдағанын, бірақ құзырлы орган
басшысы жауапсыз қалдырғанын айтты.
Өмірзақ
Мелдеханов, Шымкент қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы, ОҚО
мәслихатының депутаты:
Бұған
дейін де мен Ерімбетов мырзаға көптеген сұрақ қойғанмын. Тексеру комиссиясының 21 материалында 13 миллиардқа жақын қаржы қалталы болып кеткеніне байланысты шешім қабылдау үшін жібергенмін.
Депутат, әрі Шымкент қалалық «Нұр Отан» партиясы
филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов мырзаның сөзіне сүйенсек, ол мемлекет қаржысын талан-таражға
салу деректерін біліп отыр. Олардың қатарында құрылыс, энергетика және білім басқармасы бар. Мұндай мәліметті
арнайы орындардан алдым деген депутат мырза қаржы полициясы процессуалдық шешім қабылдамай отыр деген уәжді көлденең
тартты.
Айтуынша, 10-15 мың теңге пара алған шабақтар қолға түсіп, әшкере
болады. Есесіне қазына қаржысын миллиондап қарпыған шенеуніктер құтылып кетіп
жатыр. Жазаланбайды да. "Керісінше, іс бұрмаланып кетіп жатыр", - дейді депутат. Ал
қаржы полициясы басшылары болса, мұндай мәлімдемені теріске шығарып отыр.
Олардың сөзіне қарағанда айтылған фактілер дәлел таппаған.
Серікжан
Мырзалы, ОҚО ЭҚСЖҚК департаменті бастығының орынбасары:
Қылмыстық
іс қозғаудан бас тарту шешімдері қабылданған. Себебі бұл актілерде нақты
талан-таражға ақша кеткен деп көрсетілмеген. Бұл жерде қаржылық және бухгалтерлік есептілік тәртіптер бұзылған. Бұл шешіммен прокуратура
органдары келіскен.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ