Қарағандыда көгілдір отын қымбаттауы
мүмкін. Ол туралы газбен қамтамасыз етуші
«Әлем газ» компаниясының директоры Игорь Русаков мәлемдеді.
Алайда тарифтың өсуі қаладағы газбен
қамту жағдайын жақсарта ала ма? Қазірдің
өзінде Қарағандыдағы газ шаруашылығының жағдайы мәз емес. Тарату желілерінің 80%
ескі. Жөндеу жұмыстары 15 жылдан бері жүргізілмеген.
Әзірше қарағандылықтар газдың 1 текше
метріне 137 теңгеден төлеп отыр. Қаланы газбен
қамтамасыз ететін «Әлем газ» компаниясы әлі де бағаның қымбаттайтындығын
мәлімдейді. Бағаның өсімі газбен қамтамасыз ететін «Тенгизшевройл» және Павлодар мұнай-химия зауытына байланысты. Алайда,
коммуналды сала қызметкерлерінің айтуынша, жаңа баға бұл мәселені шеше қоймауы
мүмкін. Тұрғындардың басым көпшілігі үйіне қарасты газ құбырларының жөндеу
жұмыстарын жүргізбейді.
Игорь Русаков, «Әлем газ» ЖШС директоры:
Біздің компанияның қызметкерлері қаладағы газ шаруашылығы жағдайының мәз
еместігін қалада орын алған ірі жарылыстарға қарап жасап отыр. Ал, жөндеу жұмыстары соңғы рет қашан жасалғандығын ешкім
білмейді.
Тұрмыстық газдың дұрыс пайдаланылмауы
салдарынан былтырғы жылдың 23 қыркүйегінде Қарағанды тұрғындары қатты дүрсілден
оянды. 5-қабатты тұрғын үйде газ құбыры
жарылды. Жарылыс толқыны көрші екі пәтерді де шарпыды. Бірден 4 адам зардап
шекті. Мамандар жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, жойқын
қопарылыс газ плитасының әсерінен болған. Ал, Александра әжейдің үйіндегі
жағдай тіпті мүшкіл. Ауладағы газ құбыры қирап, балалардың ойын алаңына айналған.
Александра Ставицкая, № 18 үйдің тұрғыны:
Міне біздің кішкене балалар ойнайтын алаң. Қауіпті аймаққа жатады. Қауіпті
болса да, олар бәрібір ойнай береді.
Қарағандыда мұндай қараусыз газ
қондырғылары 190-нан асады. Ал, табиғи
көгілдір отыны жоқтар заңсыз болса да, үйлеріне арнайы газ баллондарын кіргізіп
алған. «Әлем газ» компаниясы бұл үйлердегі газ жүйелерін ақысыз жөндеуге де
дайын. Алайда, тұрғындардың келісімі қажет. Тұрғындардың өзара келіспеушілігі
бұл жұмысты алға басқызбай отыр.
Азамат
Құлжанбеков, №
18 үйдің
тұрғыны:
Қазір елді дүрбелең еткізетін жағдайлар болмаса, тұрғындардың басын
біріктіру қиын. Біреуі жөндеу жүргізсе, енді
біреуі басқа газ плита құрдым деп ортақ шешімге келместен бастарын алып қашады.
Осылайша коммуналды қызмет атқаратын
мамандар құбырларды жөндеу үшін 500-ден аса көп қабатты үй тұрғындарын көндіріп
әлек. Ал, қауіпсіздік ережелері әзірше басқа
ешкімді мазалап жатқан жоқ.
Айман НҰРМАҒАНБЕТ