Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы «Прайм Плаза» СҮ директоры айыппұлмен құтылды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2014
  • 1297

Алматыдағы «Прайм Плаза» ойын-сауық орталығының директорына 1 миллион 800 мың тенге көлемінде айыппұл салынды. Әуезов ауданының соты, былтыр сауда орталығының алаңында орын алған жаппай тәртіпсіздікке байланысты сот отырысында мекеме басшысын кінәлі деп таныды.

Марат Елемесов, Әуезов аудандық сотының судьясы:

Нұрсейтов Ақан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 232-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 1000 айлық көрсеткіш есебінде айыппұл салынсын.

Еске салайық, былтыр 31-тамызда «Прайм Плаза» ойын-сауық орталығы алаңында Қайрат Нұртас өнер көрсетуі тиіс болатын. Алайда, ол бір ән салып болысымен, жиналған 3 мыңға жуық адам сахнаға қарай ұмтылған. Сол кезде әнші сахнадан кетіп қалады. Артынша көрермендер арасында «енді концерт болмайды» деген сөз тараған. Бұған ашуланған жұрт орталықты қиратып, бірнеше көлікті аударып тастады. Тіпті «Прайм Плазаның» бірнеше тұсынан өрт қойып, тас жаудырған. Осыдан соң, орталық директорына «өз қызметіне салғырт» қарады, «бұқаралық шара ұйымдастыру ережелерін» сақтамады деген айыптар тағылған.

Досжан ҚАЛИЕВ