Керекудегі Жеңіс бағы жаңартылып жатыр. Жөндеу жұмыстары мамыр айының
басында аяқталмақ. Сәулетшілердің сөзінше, қарқынды шаруаның мерекеге еш
кедергісі жоқ. Өйткені қалыпқа келтіру шарасы екі кезеңмен жүргізіледі.
Бүгінде Ескерткіш пен Мәңгілік алау алаңында қызу жұмыс. Мамандар ескі
өрнектасты жаңасына ауыстыруда. "Бірақ бұрынғы материал да кәдеге
жаратылады",- дейді Павлодар қалалық әкімінің баспасөз қызметі. Айтуларынша,
аршып алынған өрнектас қаладағы тұрғын үйлердің аулаларына қайта төселмек. Майдангерлердің
есімі соғылған «Ескерткіш қабырғасының» да сыны кеткелі қашан.
Биыл билік осы
олқылықтың орнын толтырмақшы. Тақта толықтай әрленіп, өңін өзгертеді. Ал жұмыстың екінші кезеңі Жеңіс мерекесінен кейін басталады. Құрылысшылар алаңның
басқа бөліктеріндегі өрнектасты ауыстыруға кіріседі. Сондай-ақ Жеңіс алаңында
қос су бұрқағы салынып, іске қосылмақ.
Тимур Айдарханов, Павлодар қалалық сәулет бөлімі басшысының орынбасары:
Алауды жағу жүйесі жаңартылады. Бұрынғыдай емес, автоматтандырылады.
Әрине, мәселелер бар. Мысалы, эксплуатация, алмастыру, жөндеу сияқты. Бірақ жаңа жүйе арқылы Павлодардың Алауы бұдан былай мәңгі сөнбейді.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ