Шымкент түбінде болған Ан-72 ұшағының
апатына кінәліні айыптау туралы қорытынды - халықаралық авиация қауымдастығының
наразылығын тудыруы мүмкін. Қазірдің өзінде бұл оқиға Еуропа мемлекеттеріндегі
диспетчерлер арасында қызу талқылануда.
Айтуларынша, ұшақ апатына айыпты деп
танылған диспетчер Қанат Ақылбековтың ісіне жан-жақты сараптама жүргізілмеген. Осылай
деген Қазақстан әуе диспетчерлері әріптестерін қорғап Әскери проуратураға ашық
хат жолдады. Пайымдауларынша, болған оқиғаға
сараптама авиация өкілдерінің қатысуынсыз жасалған. Бұл - талапқа тайшы, дейді олар.
Айта өтейік, Шымкент маңында 2012 жылы
АН 72 ұшағы құлаған болатын. Бортта болған 27
адам түгел ажал құшқан еді. Осы апатқа тікелей қатысы бар деген күдікпен - 30
жастағы Қанат Ақылбеков ұсталған. Ол «ҚазаэроНавигация» республикалық
кәсіпорны, Шымкент филиалының диспетчері қызметін атқарған. Күдікті Ақылбеков
қону сызбанұсқасын бұзу салдарынан ұшақтың еркін қонуына қауіп төндірген деп
айыпталуда ұшақта. Бірақ мұнымен оның әріптестері келіспейді.
Илхам ИБРАГИМ