Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысының тағы бір ауыл тұрғыны энцефалопатия ауруының белгілерімен ауруханаға жеткізілді

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2014
  • 1074

Калачи ауылының ұйқы ауруына шалдыққан тағы бір тұрғыны ауруханаға жатқызылды. Ол екі күн бұрын терең ұйқыға кеткен.

Ақмола облысы Есіл ауданының әкімі Қали Рахметовтың айтуынша, 23 жастағы жасөспірім қазір Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілген.

Еске салайық, өткен жылдың наурыз айынан өңір ауруханасына бас айналу, ұйқы келу белгілерімен отыздан астам тұрғын дәрігер көмегіне жүгінген. 2013 жылы Калачи және Красногор ауылдарында арнайы комиссия бірнеше рет ауасына бес жүздей, радиациялық аясына 760 рет бақылау жүргізген. Сондай-ақ, адам ағзасына тікелей әсері бар су мен азық-түлік сапасын да тексерген. Алайда олардан белгіленген нормадан аутқулар байқалмаған. Жуырда қарағандылық ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері де бірқатар тексерістер жүргізген, бірақ мамандар еш қортынды шығара алмады.

Айта кетейік, өткен жылдың 60-шы, 90-шы жылдары Калачи ауылының жанында уран өндіретін кен ошағы болған. Тәуелсіздік жылдары уран өндірісі тоқтап, шахталар жабылған. Тұрғындардың ойынша, жұмбақ аурудың себебі осы кеніштерде.

Жұрағат БАМАН