Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда қатты желдің салдарынан бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2014
  • 1731

Атырауда қатты желдің салдарынан бірден бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті. Терможаңғырту мемлекеттік бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен бес қабатты тұрғын үйдің 150 шаршы метрге жуық шатыры жарамсыз боп қалды. Жаңа жабынды секундына 25 метр жылдамдықпен соққан желге дес бере алмады.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, желдің қатты екпінімен қаладағы жеке компаниялардың бірінің шатыры ұшып, ғимарат алдындағы 3 жеңіл автокөлік пен бір шағын автобустың үстіне түскен. Темір тұлпарларға айтарлықтай залал келді. Төтенше жағдайлар мамандарының айтуынша, тек бір күнде облыс бойынша күшті дауыл 7 нысанның шатырын ұшырған.

Марат Құрманов, Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Атырау қаласы бойынша алты дерек тіркелді. Құлсарыда желден бір ғимарат зардап шекті. Ең үлкен залал облыс орталығындағы Ақтөбе көшесіндегі тұрғын үйге келді. Қазір барлық нысандарда төтенше жағдайлар департаменті мамандары жұмыс жасап жатыр.

Базаргүл ІЗІМОВА