Русский Сайттың толық нұсқасы

Швейцарияда теннистен "Дэвис" кубогының ширек финал ойындары өтеді

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2014
  • 915

Бүгін Швейцарияда теннистен "Дэвис" кубогының ширек финал ойындары өтеді. Кездесудің фавориті - Швейцария командасы. Алаң иелері сапында кортқа Роджер Федерер мен Станислас Вавринка шығады. "Пальэкспо" көрме кешенінде өтетін сайысқа Қазақстан құрамасын қолдау үшін Женеваға 150 жанкүйер аттанды.

«Дэвис» кубогының ширек финалында Швейцария және Қазақстан командалары өзара мықтыны анықтайды. Жуырда жеребе тастау рәсімі өтті. Жекелей сында алдымен кортқа Станислас Вавринка мен Андрей Голубев шығады. Артынан әлемнің экс-бірінші ракеткасы Роджер Федерер Михаил Кукушкинді сынақтан өткізеді. Швейцария командасының бетке ұстар спортшылары жұптық жарысқа да шығады. Оларға қарсы Қазақстанның атынан Евгений Королев пен Александр Недовесов өнер көрсетеді.


Роджер Федерер, теннистен Швейцария құрамасының мүшесі:


Қазақстан алып мемлекет екенін білемін. Бірақ одан артық ақпаратым жоқ. Дегенмен, менімен кортқа шығатын Андрей Голубевті жақсы танимын. Бұған дейін онымен кортта жолыққанбыз. Кездесу өз жерімізде өтетіндіктен жеңіске жету жоспарымыз бар.


Естеріңізге сала кетейік. Үш күнге созылатын кездесулер қортындысы бойынша жеңіске жеткен команда "Дэвис" кубогының жартылай финалына жолдама алады.


Самат ҚАНАҒАТОВ