14 млн теңгені жымқырды деп айыпталған
есепші Қазақстанға экстрадицияланды. «Қазақстан менеджмент, экономика және
болжау институтының» бұрынғы бас есепшісі Елена Данилова Біріккен Араб
Әмірліктерінен Қазақстанға жөнелтілді. Ол 14
миллионнан астам теңгені ұрлады деп айыпталуда.
Тергеу барысында Данилованың
Қазақстаннан тыс жерде жасырынып жүруіне байланысты, оған Интерпол желісі
бойынша іздеу жарияланған. Нәтижесінде
есепшінің Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында жүргені анықталды. Сөйтіп, Абу-Дабиден Алматыға әуе рейсі арқылы жеткізіліп, бірден
уақытша тергеу абақтысына қамалды.
Илхам ИБРАГИМ