Атыраудағы атышулы іске қатысты сот
процесінде облыстың бұрыңғы әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукеновтен жауап
алынды.
Экс-шенеунік өзіне тағылған айыпты
түбегейлі мойындаған жоқ. Өзімен бірге
айыпталып отырған 21 адамды да кінәссіз дейді. Болат Дәукенов Ақтөбе облысында
прокуратура саласында қызмет жасап жүрген кезінде Бергей Рысқалиевпен табысты
кәсіпкер ретінде танысқан. Алайда байланыстары үзіліп, 10 жылға жуық уақыттан
соң Атырауда қызмет бабында кездесіпті. Ал аталған қылмыстық істің басты
фигуранттарының бірі - Рүстем Әлбақасовты Рысқалиевтің күйеу баласы ретінде ғана
танитынын айтты.
Базаргүл ІЗІМОВА