Русский Сайттың толық нұсқасы

Әнші Қайрат Нұртас қамауға алынуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2014
  • 1039

Әнші Қайрат Нұртас қамауға алынуы мүмкін. Алматыдағы «Прайм Плаза» ісін қарап жатқан сот белгілі әншінің 10-20 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл төлеуі немесе 5 тәулікке қамалуы мүмкін екенін айтты. Қайрат Нұртастың сот отырыстарына келмеуіне орай осындай қаулы шығарылған.

Айта өтейік, әнші «Прайм Плаза» сауда орталығындағы тәртіпсіздікке қатысты ең басты куәгер. Әкімшілік құқық бұзу кодексіне сәйкес сотқа құрмет көрсетпеген азаматтар да жазаланады. «Істі қараушы судья Нұртасты қамауға алу туралы қаулыны Әуезов аудандық прокуратурасына жібермек», - деп жазады ақпарат көздері.

Әнші Нұртас сотқа келмеу себебін гастрольдік сапарда болғанымен түсіндіреді. Тіпті күн сайынғы концерттерге байланысты ол наурыз айының соңына дейін Алматыға келмейтін көрінеді.

Еске саламыз, өткен жылы «Прайм Плаза» ойын-сауық орталығындағы шара кезінде Қайрат Нұртас сахнада бір-ақ ән айтқаны үшін жастар жаппай тәртіпсіздік жасап, орталықты талқандап тастаған еді. Оған қоса 90 адам жарақаттанған.

Илхам ИБРАГИМ