Бүгін түнде еліміздің басым
аймақтарында қатты жел болды. Салдарынан бір
ғана Атырау облысында 13 елді мекен жарықсыз қалды. Облыстағы 36 нысанынның
шатырын ұшырып кетті. Соның ішінде, 16 әлеуметтік және 20 тұрғын үй ғимараттары
шатырсыз қалған.
13 елді мекен мен оның ішінде қала маңындағы 7 ауыл,
қаланың екі шағын ауданы, төрт әлеуметтік нысан жарықсыз қалды. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.
Илхам ИБРАГИМ