Жоғары оқу орындарындағы жемқорлық «швециялық»
тәсілмен тыйылмақ. Бұл туралы Қаржы полициясы академиясында өткен Халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияда айтылды.
Осы ретте биылдан бастап Қазақстанның
жоғарғы оқу орындарында сынақ тапсыру процессін бейнетүсірілім арқылы қадағалау
тәжірибесі енгізілмек. Сондай-ақ, емтихан
тапсырушының аты-жөнін арнайы белгілермен алмастырып, тапсырушының тегін
білместен тиесілі баға қою тәсілі де қолданылмақ. «Жалпы, бүгінде Швеция мемлекеті жемқорлық фактілері ең аз
тіркелетін мемлекеттер арасында алғашқы қатарда тұр. Бұл себепті тәжірибе
алмасу өте маңызды», - дейді Швеция мемлекетінің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы институтының басшысы Клаес Сандгрен.
Клаес Сандгрен, Швеция мемлекетінің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы институтының басшысы:
Швециялық Жоғарғы оқу орындарына қабылдау процессі тек баланың үлгеріміне
байланысты жүргізіледі. Сондай-ақ, емтихан
тапсыру процессі анонимді түрде жүргізіледі. Түлектердің аты-жөні оқытушыға
белгісіз, ол тек тапсырушының арнайы белгісіне баға қояды. Басқа тәсілдер жоқ.
Жалпы,
біздің оқу орындарында жемқорлық фактілері жоқ деп қадап айта аламын. Біздің студенттер осы турасында өте толерантты.
Жұрағат БАМАН