Олимпиадада жеңіске қол
жеткізу мен құрыш балқытудың қиындығы бір-бірінен кем түспейді. Бұған Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен көз
жеткізді.
Спортшы Елбасы Жолдауын түсіндіруге
шыққан ақпараттық-насихат тобының құрамында «Арселлор Миттал Теміртау»
кәсіпорнын аралап көрді. Спорт және дене
шынықтыру агенттігінің басшысы - Тастанбек Есентаев бастаған топ еңбек ұжымымен
кездесіп, құрыш балқытылатын қазандықтарды көрді. Сонымен қатар, бірінші
Президенттің тарихи-мәдени орталығындағы жәдігерлермен танысты.
Денис Тен, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері:
Қазақстанның болашағы ерен еңбекте екенін түсіндім. Мен Нұрсұлтан Әбішұлы металлдың қыр-сырын бір кісідей
білетініне көз жеткіздім. Енді сол металлдан тұратын медальдарды көптеп ала
түсу үшін барымды салатын боламын.
Бұдан соң жас спортшыны облыс басшылығы олимпиададағы
жеңісімен құттықтап, алдағы ойындарында сәттілік тіледі. Сапар соңында Денис
Тен спорт сүйер қауым және Жоғарғы оқу орындарының студенттерімен кездесті.
Бауржан Әбдішев, Қарағанды облысының әкімі:
Сен бүгін Президент еңбектеніп, тер төккен жерді өз көзіңмен көріп шықтың.
Бұл сапардан алған әсерің шабыт беріп, жеңіске жетелей түседі деген сенімдемін.
Тастанбек Есентаев, ҚР Дене шынықтыру және спорт агенттігінің
төрағасы:
Спорт адам үшін өте маңызды. Бұл - денсаулық.
Біздің Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Денис Тен сынды спортшыларымыз, футбол
ойыншыларымыз жастарды спортпен айналысуға ынтыландыра түседі деген ойдамын.
Айгүл ӘДЕПБАЙ