Русский Сайттың толық нұсқасы

Женевада Парламентаралық Одақтың 130 Ассамблеясы өтті

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2014
  • 1141

Женевада Парламентаралық Одақтың 130 Ассамблеясы өтті. Алқалы жиында халықаралық деңгейдегі ауқымды мәселелер сөз болды. Қазақстан делегациясын Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин басқарды. Үш күнге созылған алқалы жиынға 150 елден 1500 парламент өкілдері жиналды.

Айта кетейік, осы жылы Парламентаралық Одақтың қызметіне 125 жыл толды. Халықаралық парламентшілер біздің еліміздің тұрақтылық пен қауіпсіздік жолындағы қадамдарына ерекше назар аударды. Өз кезегінде Нұрлан Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамаларының маңыздылығына тоқталды. 


Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:


Осы Ассамблеяға қатысып отырған парламент өкілдері біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көптеген бастамаларына ерекше назар аударды. Соның ішінде бүгінгі күні, әсіресе, G-global жобасының орны да ерекше, маңызы да өте зор болып отыр. Осының барлығы біздің Президентіміздің халықаралық бастамалары қазіргі заманға сай екенінің тағы бір нақты дәлелі.


Аксел Фишер, Бундестаг депутаты, Германия делегациясының Еуропа кеңесіндегі жетекшісі:


Бүгінгі күні Қазақстанның барлық салада қол жеткізіп отырған табыстары, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары айрықша назар аударуға лайықты. Сіздердің елдеріңіз демократияны одан әрі дамыту, әлем алдында өз ұстанымын бекіту жолына түсті. Поликонфессионалдық және көп ұлтты қоғам үшін сіздердің тәжірибелеріңіз өте қызықты.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА