Русский Сайттың толық нұсқасы

Орал мектебінде бір жыныстылар махаббаты туралы оқылған ертегі - өрескел оқиға

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2014
  • 1350

Оралдағы бастауыш сынып оқушыларының бір жыныстылар арасындағы махаббат туралы ертегіні оқу өрескел қателік болып табылады. Бұл туралы бүгін арнамызға Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлімдеді.

Мұндай олқылық Орал қаласындағы мектептердің бірінде орын алғаны туралы кешегі хабарымызда айтқанбыз. Сыныптан тыс оқуға берілген екі ертегі де біржынысты махаббатты дәріптейтін көрінеді.

Вице-министрдың айтуынша, ұстаз ұсынылған әдебиетті интернеттен іздеуде авторлардың атын шатастырған. Зоя Петрова атты автордың шығармалары орнына Сионелла Петрованың ертегілерін жүктеген.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА