Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы жеке тұрғын үйде газ жарылып, баспана жермен жексен болды

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2014
  • 1225

Тағы бір шұғыл ақпарат. Алматыдағы жеке меншік үйде газ жарылып, 57 жастағы ер адам оңбай күйіп қалды. Ал үйдің қабырғалары құлап, тас-талқаны шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет хабарлады.

Дерекке сүйенсек, оқиға Түркісіб ауданында болған. Газ бен ауа қосындысы кенет жарылып кетіпті. Әзірге, табиғи газбен жылынатын пеш жүйесінде ақау шығуы мүмкін деген болжам айтылуда. Әр түрлі дәрежеде бірнеше жерден күйік алған 57 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.

Сымбат МОЛДАТАЙ