Русский Сайттың толық нұсқасы

Премьер-министр Калачидегі жағдайды өз бақылауына алды

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2014
  • 1182

Ұйқы ауруына байланысты Ақмола облысында төтенше жағдай еңгізілмейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.

Сондай-ақ, министр бұл жағдайды үкімет басшысының өзі бақылауына алғанын жеткізді. Оның сөзінше, Премьер-министрдің бұйрығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Оның құрамында тиісті салалардың вице-министрлері де кіреді. Сондай-ақ, Салидат Қайырбекова Калачидегі ұйқы ауруының себебін оқиға орнына жіберілген білікті мамандар зерттеп жатқанын айтты.

Айта өтейік, биылғы жылдың наурыз айынан бастап Калачи елді мекенінде ұйқыға кетіп, оянбай жатқандар жиі кездесуде. Соңғы рет осы аптаның басында 23 жастағы жасөспірім ұйқы ауруымен ауруханаға жатқызылған болатын. Бірақ бұл дерттің себебі әлі күнге дейін анықталмай отыр.

Кезінде Калачи ауылының жанында уран өндіретін кен ошағы болған. Тәуелсіздік жылдары уран өндірісі тоқтап, шахталар жабылған. Тұрғындардың ойынша, жұмбақ аурудың себебі осы кеніштерде.

Илхам ИБРАГИМ