Русский Сайттың толық нұсқасы

ОАР президенті 23 млн доллардың ізін жасырды деп айыпталуда

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2014
  • 1223

Оңтүстік Африка республикасының президенті Джейкоб Зуму бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін ұсталды, ол 23 миллион долларды өз мүддесі үшін пайдаланып үлгерген. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлайды.

Президент мемлекет қазынасындағы қаржыға су алабы, малға арналған аула және амфитеатр салыпты. Мұндай күтпеген ақпарат мамыр айында өтетін сайлаудың дәлме-дәл алдында пайда болды. Жемқорлыққа қарсы баяндамада Зуму мен оның жақтастарының бұдан өзге де қаржыны жымқырғаны жазылған. Сарапшылар Зумудың онсыз да құрдымға кетіп бара жатқан саясатына бұл ақпардың кері әсер ететінін айтуда.

Ал президентке қарсы шыққан мыңдаған адам оның тез арада қаржыны бюджетке қайтаруын талап етуде. Ал Оңтүстік Африкалық мемлекет басшысының өз пікірі әлі жасырын қалып отыр.

Сымбат МОЛДАТАЙ