Русский Сайттың толық нұсқасы

«Арселор Миттал Темиртау» компаниясының жұмысшылары өткен жылдың 13-айлығын алатын болды

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2014
  • 1113

«Арселор Миттал Темиртау» компаниясының жұмысшылары өткен жылдың 13-айлығын алатын болды. Оны наурыз айында берілетін жалақыға қосады. Бұл туралы арнамызға металлургиялық компанияның әкімшілік директоры Анджей Выпих мәлімдеді. Адал еңбектерінің бағалануын «Жақтау» кәсіподағының металлургтері айлар бойында талап етті. Жұмысшылар тіпті сотқа да шағымданды. Бірақ сот тарапынан осы уақытқа дейін өтініштері қабылданбай келген.

Кәсіпорын басшылығы 13-айлықты қоспаудағы басты себептердің бірі - компаниядағы дағдарыс деп түсіндіріп келген. Енді ынталандыру жалақысын компанияның барлық 14 000 мың қызметкері алады. Ал кеншілерге қосымша сыйақы берілу-берілмесі әлі белгісіз. 


Анджей Выпих, «Арселор Миттал Темиртау» АҚ әкімшілік директоры:


Кәсіподақпен келісу барысында біз 13-айлық жалақы наурыз айында беріледі деп келіскен болатынбыз. 


Базаргүл ОТЫНШИЕВА