Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектептердегі тамақтандыруды ұйымдастыруға арнайы өзгертулер енгізілді

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2014
  • 1400

Мектептердегі тамақтандыруды ұйымдастыруға арнайы өзгертулер енгізілді. Енді білім беру ұйымдары бағаға емес, сапаға мән береді. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлімдеді. Өзгертулер 2014 жылдың 1 маусымынан қолданысқа енеді.


Есенғазы Иманғалиев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:


Заңнамаға өзгертулер енгізуді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары қолдады. Қағидалар ҚР үкіметінің 2014 жылы 3 наурызындағы №172 қаулысымен бекітілді. Өнім берушілерді таңдауды жүзеге асыру кезінде негізгі көңіл оқушылар тамағының сапасына аударылады.


Вице-министрдың айтуынша, соңғы уақытта мектеп оқушыларының тамақтану тәртібіне әлі де жеткілікті деңгейде мән берілмей келе жатыр. Астан ауру табатын өскелең ұрпақ көбеюде. Сондықтан тамақтану жүйесін қайта қарап, бағаға емес сапаға негізгі басымдық беру керек. Білім министрлігі өкілі қазіргі уақытта бір оқушының түскі асы 300 теңгеге шақталғанын айтты.


Базаргүл ОТЫНШИЕВА