Русский Сайттың толық нұсқасы

Қылмыстық кодексте қылмыстық әрекет деген ұғым пайда болмақ

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2014
  • 1721

Қылмыстық кодексте қылмыстық әрекет деген ұғым пайда болмақ. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының құқықтық кеңес отырысында мәлімденді. Жиынға қатысушалар қылмыс пен құқық бұзушылықтардың ара-жігін айқындау төңірегінде бірқатар ұсыныстар айтты. Оның ішінде Германия, Франция, Түркия және Польша елдерінің тәжірибелері тілге тиек етілді.

"Қазіргі таңда Қазақстан заңдары жазаны ескереді, алайда жанжалдың көзін тыймайды. Қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік және тәртіптік заң бұзушылықтарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ал бұл құқықтық мемлекеттің қағидаттарына сәйкес келмейді. Осы ретте қылмыс пен құқық бұзушылықтың ара-жігін анықтап, терминология мәселесін қолға алу қажет", - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров. 


Нұрлан Әбдіров ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі:


Бұның ерекшелігі. Қылмыстан айырмашылығы, біріншіден, істеген іс-әрекеттің қоғам үшін қауіпті болып есептелетін деңгейі төменірек. Соған байланысты осындай іс-әрекет істеген азаматқа қолданылатын жаза жеңілдеу болуы керек деген. Сонымен қатар қылмыстылық, сотталғандық деген атақтың болмайтындығы.


Жұрағат БАМАН