Русский Сайттың толық нұсқасы

Аргентина мұғалімдері жаппай ереуілге шықты

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2014
  • 832

Аргентинада ұстаздар наразылығы жалғасып жатыр. Педагогтардың ереуілдеткеніне он күннен асып кетті. Парламент алдына жиналған бірнеше мың адам еңбекақыларын арттырып, аймақтардағы мектептердің қаржыландыруын көтеруді талап етеді.

Билік олардың талабына құлақ асып, айлықтарын бір жыл ішінде 25%-ға көтеруге ұсыныс білдірді. Алайда мұғалімдер мұны қанағат тұтпады. Олар ең төменгі жалақы мөлшері 5 мың песодан кем болмасын деген шарт қойып отыр. Бұл 641 АҚШ доллары. Мұнымен қоймай, тағы 30%-дық өсім сұрайды.

Алайда елде инфляция деңгейі жоғары. Билік бағаны өндірушілер және дистрибьютерлермен келісім жасап, ұстап тұрмақшы. Алайда бұл уақытша шара, экономикалық мәселені түбегейлі шеше алмайды. Қаржыгерлердің болжамынша, алда инфляция деңгейі 30-40%-ға жетуі мүмкін.

Айгүл ӘДЕПБАЙ