Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлдық әже 114 жасын тойлады

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2014
  • 2285

Петропавлда ұзақ жасаған әже тұрады. Ол 114-ке толған туған күнін жақын-жұрағаттарымен тойлады.

Статистикаға сенсек, Биқамал Мұржықова - Қазақстанда ең ұзақ өмір сүрген екінші адам. 1900-шы жылы туған ол бүгінде шөпшек сүйіп отыр. Одан басқа 12 немересі мен 25 шөбересі бар. Ғасырдан артық ғұмыр кешкен әжей өмір бойы қара жұмыс істепті. Жастайынан қырда еңбек етіп, мал сауумен айналысқан. Сұм соғыс жылдарында, бір уақытта 12 сиыр сауған кездеріміз болды, дейді. Көпті көрген ақ жаулықты ана біздің арнаға ұзақ өмір сүрудің сырын да ашып берді.

Айтуынша, денсаулық кепілі - қажырлы еңбек. Зұлмат жылдары біраз бейнет кешкен қарт ана, өткенді көз жасымен еске алады.

Биқамал Мұржықова:

Егін шыққанша тағы не істеу керек? 12 сиыр сауамыз. Қазіргі әйелдер екі сиыр да сауа алмайды. 12 сиыр сауу керек, одан басқа бұзауын бағу керек. Оның сыртын жарыққа салу керек. Оның қаймағын алып, былғап, үкіметке тапсыру керек. Істеген жұмысым. Қай жерде ауыр жұмыс болса, бізді апарады. Шөп шамабыз, шөп беретін малға. Соған да бізді апару керек.

Абзал ҚҰРМАНКИН