Русский Сайттың толық нұсқасы

Барак Обама әлем жұртшылығын Наурыз мейрамымен құттықтады

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2014
  • 1095

АҚШ президенті Барак Обама Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Ақ үй басшысы барша Жер ғаламшарының тұрғындарына амандық-саулық тіледі. Тек Құрама штаттарды мекендейтін тұрғындар ғана емес, әлемдегі Наурыз мерекесін тойлап жатқан әр отбасына өз тілегін, ыстық ықыласын жолдады.

Айта кетерлігі, парсы мен түркі әлеміне ортақ киелі мереке америкалықтарға таңсық емес. Қазір құрама штаттарда 7 миллионға жуық мұсылман өмір сүреді.

Барак Обама, АҚШ президенті:

Көктем мерекесі - Наурызды тойлауға жиналған әр отбасы мүшесіне игі жақсылықтар тілеймін. Барша әлемде және Америка Құрама штаттарында сіздер мерекелік дастархан жайып, тойлап жатырсыздар. Жақындарыңызға алғыс айтып, берілген бата сөздерің еске алған әр отбасына бұл көктем жаңа мүмкіндіктер сыйласын.

Сымбат МОЛДАТАЙ