Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайлықтар Наурыз мерекесіне би фестивалімен атап өтті

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2014
  • 1356

Ұлыстың ұлы күні Тобыл өңірі ақ ұлпаға оранды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қостанайлықтар Наурыз мерекесін айрықша атап өтті.


Мерекелік бағдарлама аясында - әр ұлыстың ұлттық биі сахналанды. Бұл фестивальге қаладағы оннан астам ұжым қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Мың бұралған бишілер қазақ,тәжік, ұйғыр, басқа да халықтардың ұлттық биін нақышына келтіріп орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Құт мекен еткен Қостанайдың құшағында көптеген ұлттар мен - ұлыстар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ұлыстың ұлы күні ұйымдастырылған би байқауы - ұлтаралық достықты нығайтып, әр халықтың төл өнеріне деген құрметін арттыра түсті деуге негіз бар.


Бүкіл елдің, ұлыстардың достығы біздің еліміздің дамығаны көрініп тұр. Әр ұлттың өнерлі азаматтары сахнада төл өнерін көрсетіп жатыр. Осылай елімізде береке болып, Мәңгілік ел жасай берсін Наурыз құтты болсын!


Қостанайыма және бүкіл Қазақстанға осы Наурыз қайырымен келсін. Ауа-райына қарамастан Наурыз жақсы өтіп жатыр. Жастар өнерін көрсетіп жатыр. Бәрі әдемі, Құдайға шүкір.


Заңғар САНАЙ