Русский Сайттың толық нұсқасы

Мысырда «Мұсылман бауырлар» қозғалысының 529 мүшесі өлім жазасына кесілді

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2014
  • 1387

БҰҰ Мысырдағы жаппай өлім жасазын сынап отыр. Айтуларынша, бұл адам құқығын аяққа таптау.

Еске салсақ, таяуда Мысыр соты 529 адамды өлім жазасына кескен еді. Барлығы да тақтан тайдырылған экс-президент Мұхаммед Мүрсидің жақтастары болатын. Оларға әр түрлі айыптар тағылған. Мәселен, полицияға қастандық жасады және полиция қызметкерін өлтірді деген айыптар.

Билік өкілдерінің айтуынша, «Мұсылман бауырлар» деп аталатын экстремистік топ құрамына кіретін осынау сотталғандардың жалпы саны 1200 адам болуы тиіс.

Айта кетейік, Мүрси биліктен кеткеннен кейін елде оның жақтастарын жаппай қуғындау басталды. Өткен жылдың шілдесінен бастап олар темір торға тоғытыла бастады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА