Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада ардақты аналар ағаш отырғызуға ат салысты

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2014
  • 1279

Қызылорда қаласының әр тұрғыны осы көктемде ағаш отырғызуға міндетті. Наурызда алғашқы болып жасыл шараны шаһардың батыр аналары бастап кетті.

Әжелер Тағзым алаңын бекер таңдамапты. Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай мұнда күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Жазда саябақтан керемет көрініс ашылады, деп отыр қарт аналар. Ал отырғызылып жатқан көшеттер сол майданда қайтқан әрбір жауынгердің аруағына тағзым.

Шара сонымен қатар, Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толғанына арналған. Әжейлерге көмекке жауынгерлер мен жастар қоғамдары келді. Жалпы саябақта 100-ден астам қайын ағашы отырғызылды.

Сәліма Сарбасова, батыр ана:

Ата-бабаларымыз айтқан: мал қалғанша, тал қалсын деп. Тал еккенде ақ қуямыз: ақ мол болсын, жер-ананың қойнауынан, Алла, несібеміз көп болсын!

Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда қаласының әкімі:

Жалпы, биыл қалада көркейту, көгалдандыру, абаттандыру, тазалық жұмыстары қарқынды жұргізілетін болады. Оған 2 миллиард 266 миллион теңге бөлініп жатыр.