Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қазақстан Даму Банкі" Ақтау әуежайының берешегін қайта қарауға дайын

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2014
  • 1323

"Қазақстан Даму Банкі" Ақтау әуежайының берешегін қайта қарауға дайын. Мұндай ақпарды қаржы құрылымының баспасөз қызметі таратты. Әуежайға несие беру туралы келісім 2010 жылы мақұлданған. Кейін банк несие алушы тарапқа валюта курсын өзгертуге құқық береді. Тараптар осылайша ымыраға келген.

Естеріңізге салсақ, жуырда сенат депутаты Михаил Бортник теңге құнсызданған соң аталмыш әуежай банкротқа ұшырауы мүмкін деген мағынада Премьер-министрге сауал жолдады. Әңгіме 37 миллион доллар төңірегінде болатын. Осы ақшаға әуежайға жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Алайда кейін қарызды меншік иесі - облыстық әкімдік қайтара алмады. "Оған қоса әуежай тағайындаған тарифтерді Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бекітуі жағдайды қиындата түсті",- деді ол.


Михаил Бортник, ҚР Парламенті Сенатының депутаты (13.03.2014 ж. түсірілім):


Әуежай ұжымы мен меншік иесі  - Маңғыстау облысының әкімдігі - соңғы кездері жұмысты жандандыру үшін көп еңбек етті. Материалдық - техникалық базаны жаңартты. Халықаралық бағыттар ашылып, жолаушылар саны өсті. Жалпы, бұл әуежай аймақ халқы мен Қазақстан тұрғындары үшін өте маңызды нысан.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА