Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада белсенділер Польша елшілігінің алдына жиналды

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 784

Қазақстанның бірқатар үкіметтік емес ұйымдары Польша билігіне сұрау хат жіберді. Белсенділер Польша елшілігінің алдына жиналды.

Айтуларынша, сол елдің депутаттары Қазақстанға сапарлағаннан кейін басылымдарда негізсіз мақалалар жариялана бастапты. Людмила Козловская есімді Украина азаматшасының сайтында: «Қазақстанда адам құқығы жерге тапталады, демократия атымен жоқ» деген Сейм депутаттарының пікірі бар.

Кейін белгілі болғандай, бірнеше депутат қашқын олигарх Әблязовтың жақтастары болып шықты. Олардың Қазақстанға сапарын да қаржыландырған Әблязов. Енді наразылық білдірушілер Польша президентіне хат жолдап, мәселенің анық-қанығына жетуді сұрады. «Екі ел арасына іріткі салуды көздегендер қатаң жазалансын», - дейді.

Магдалена Токсиди, «Отбасын дамыту орталығы» қоғамдық қорының төрайымы:

Депутаттардың бізге іс сапары мен жаңағы сайттағы мақаланы Әблязов қаржыландырды. Әблязов үшін қазір алаяқ, қылмыскер емес, саяси репрессияның құрбаны болған тиімді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА