Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізге инвестиция тартуда белсенділік танытып отыр

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2014
  • 1477

Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізге инвестиция тартуда белсенділік танытып отыр. Олар финляндиялық кәсіпкерлермен кездесіп, экономикаға қаржы құю жолдарын талқылаған. Фин елі бизнесмендерінің машина жасау саласына қызығушылығы басым.

Бұл жөнінде Ассамблея хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Шанай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Сонымен қатар Ассамблея өкілдері 18 сәуірде өтетін 25-ші сессияға дайындықтың қызып тұрғанын айтты. Сессия тақырыбы - "Қазақстан 2050 стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті". 


Назипа Шанай, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының сектор меңгерушісі:


Сессияның қажеттілігі де сонда - жалпы Қазақстанда тұртын барлық этнос өкілдерінің басшылары жиналған жерде дипломатиялық мүшелері, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттарының барлығының басы жиналған ортада Президент алда тұрған негізгі мақсаттарды жүйелеп, оның іске асыру жолдарын және тапсырмаларын береді. 


Айгүл ӘДЕПБАЙ