Русский Сайттың толық нұсқасы

"Нұр Отан" партиясы әлеуметтік топтардың мәселесін шешуге бағытталған меморандумға қол қойды

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2014
  • 1208

Жалпыдан жалқыға. "Нұр Отан" партиясы еліміздің әр тұрғынына шарапаты тиетін жобаларды жүзеге асыру үшін, тиісті меморандумға қол қойды. Бұдан былай "Ардагерлер" ұйымы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен "Қазақстан Азаматтық альянсы" жетекші партиямен қоян-қолтық жұмыс істейді.

Бұл әлеуметтік топтардың мәселесін шешуге бағытталған он екі ірі жобаны іске асыру аясында қолға алынып отыр. Соның бірі "Ардагерлерді ардақтайық" тармағы. Жуырда "Жас Отан" еріктілері астаналық тыл еңбеккері Бағила Адиқанованың ауласын тазалап, үйін жинауға қолғабыс етті. Осындай шынайы бастамалар мұқтаж жандардың мемлекет қамқорлығын сезінуіне әсер етері сөзсіз.


Нұрлан Ерімбетов, "Қазақстан Азаматтық альянсы" ЗТБ президенті:


Біздің ұсыныс қазір осы "Нұр Отанның" ресурсын пайдаланып, тек қана үлкен шараларды өткізбей, тікелей өзіміздің ағайындарымызбен, аула-аула болып, нақты жұмыс істесек деген ой.


Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ