Русский Сайттың толық нұсқасы

Демалыста Астана тұрғындары сары түсті су ақты деп отыр

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 1640

Мереке күндері Астана қаласындағы көп қабатты үй құбырынан жасыл түсті су ағып тұрғындарды әуре-сарсаңға салды. Әбігерге салынған тұрғындар бір күн тіршілік нәрінсіз отырған.

Мерекелік демалысты құр жібермеу мақсатында Мөлдір жиналған кірмен ыдыс-аяқты жууға белсене кіріседі. Алайда, оның жұмыс жасауына құбырдан аққан жасыл су қолбайлау болады.

Мөлдір Шағырбай
, Астана қаласының тұрғыны:

24 наурыз күні біздің краннан осындай сары су ақты. Атқарушы органдарға хабарласпадым. Өйткені, мереке күндері болатын. Кешке дейін құбырдан осы сап-сары су ақты.

Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында біз «Астана су арнасы» МК хабарласқан едік. Алайда, олар бұл жөнінде білмейтіндігін және аталмыш сынамаға «Астана-Теплотранзит» АҚ жауап беретіндігін мәлімдеді.

Мамандарың айтуынша, аталмыш шара 3 жылда бір рет жылу желілеріне және жылу энергиясын тұтынушылардың объектілеріне жүргізілетін бітеулікке сынау болып табылады.

Сергей Голев
, «Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

Құбырдан аққан сары судың ешқандайда зияндылығы жоқ. Бұл шара құбырлардың бітеулігін сынау мақсатында жүргізіліп жатыр. Егер біз бұл жұмысты жүргізбесек тұрғындар тазартылмаған су ішеді.