Русский Сайттың толық нұсқасы

Компания басшылығы Түркия үкіметінің «Твиттер» жұмысын тоқтату туралы шешімімен келіспейді

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 1212

«Твиттер» басшылығы желіні оқшауландыруға қатысты Түркияның талабын сотқа бермек.

Қазіргі таңда микроблогтар қызметінің жетекшілері түркиялық соттарға шағым жазған. «Твиттер» жетекшілерінің арызында соттың үш шешімі аталған. Алғашқыларында қызметті қолдану барысында елдің заңы бұзылғандығы және контенттің жабылғандығы жайлы айтылған. Үшінші сот шағымы экс-министрді жемқор деп атаған адамның аккаунтын жабу турасында. Бірақ компания өкілдері бұндай шешімдер сөз еркіндігі принциптеріне тосқауыл қойып отыр, дейді.

Еске салайық, Түркия өткен аптада «Твиттерді» жауып тастаған болатын. Премьер-министр Тайып Ердоғанның айтуынша, Фейсбук, Ютюб және Твиттер секілді әлеуметтік желілер тек «жалған ақпарат» таратады. Алайда үкіметтің бұл шешімімен жұртшылық келіспеуде.

Бірқатар азаматтар, ұйымдар мен партиялар қызметтің жабылуына қарсылық білдіріп, сотқа арызданған. Түркия президенті Абдулла Гюль де «Твиттердің» жабылуына қарсы көрінеді.

Жұрағат БАМАН