Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай Еуропамен сауда-саттық қатынастарын күшейтпек

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 975

Франция мемлекеті Қытаймен өзара сауда ынтымақтастығын дамыта түспек.

«Файнаншал Таймс» мамандарының пайымдауынша, француздар Германия және Ұлыбританияның аспан асты елімен сауда көрсеткіштері бойынша теңесуді көздеп отырған сыңайлы.

Бүгінде Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзинпинь сауда қатынастарын нығайту мақсатында еуропалық турнеде жүр. Жуырда ол француз және қытайлық коммерциялық келісімдерге қол қойды. Оның ішінде «ЭЙР БАС» және «АРЕВА» компанияларымен келісім бар. Сондай-ақ, жақын арада Қытай елінің нарығына француздық сүт өнімдері мен шұжық тағамдары және тағы басқа ішіп-жем өнімдерін жеткізу турасында келісімдер жасалды.

Жалпы, Си Цзипиннің еуропалық сапары алдында, Қытайға көбінесе Бордо виносын экспорттауды шектеу турасындағы еуроодақ пен Қытайдың кикілжіңі шешілген болатын. Бүгін қытайлық төраға Германия мемлекетіне бет алмақ.

Жұрағат БАМАН