Русский Сайттың толық нұсқасы

Каспий теңізінде браконьерлер ұзындығы 7 километр ау салған

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 1325

Каспий теңізінде браконьерлер ұзындығы 7 километр ау салған.

Нәтижесінде бір жарым центнерге жуық бекіре тұқымдас балық ұстаған. Бұндай заң бұзушылықты теңізде әдеттегідей кезекшілік жасап жүрген «Сардар» шекаралық кемесі анықтаған.

Белгілі болғандай, браконьерлер үш жарым мыңға жуық қармақ салған. Тұтылған балық саны жетпістен асады. Қазіргі таңда аға лейтенант Азамат Құнапияновтың басшылығындағы экипаж балықтарды теңізге босатқан. Құқық қорғау органдары тиесілі әрекеттер жасауда.

Жұрағат БАМАН