Русский Сайттың толық нұсқасы

Алясканы Ресейге қосу турасындағы петиция 20 мыңнан астам дауыс жинады

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2014
  • 953

«Алясканы Ресейге қайтару» - Ақ үйдің сайтында жарияланған шағын петиция осылай аталады.

Онда авторлар Алясканы Құрама Штаттардан бөліп алып Ресейге қосу жайлы бастаманы қолдауға шақырған. Ақ үй бұл үндеуге назар аударуы үшін биылғы жылдың 20- сәуіріне дейін 100 мың қол жиналуы тиіс. Әзірге жиналған қол небәрі 28 мыңға жетті.

Әйтсе де, қажетті көлемнің өзі мұндай ерекше бастаманың жүзеге асатынын аңғартпайды. Бұған дәлел, бір кездері Техас штатын АҚШ тан бөліп шығару жайлы жарияланған петиция 125 мың дауыс жинаған болатын.

Алайда, Ақ үй бұған жалынды түрде «Біздің Штаттар біріккен күйде қалады», - деп жауап берді. Осы жауаптың «бостандықтың да өз орны бар» дегенді меңзеп тұрғанын аңғару қиын емес. Бұл жолы да биліктің тап осылай әрекет етеріне шүбә жоқ.